Әбу Құдабаев атындағы №197 орта мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 22 қаңтар күні математика пәнінің мұғалімі Төлепбергенова Балғын алгебра пәнінен 7 «Ә» сыныбына «Екі өрнектің қосындысының кубы және айырымының кубының формуласы» тақырыбында ашық сабағы өткізілді.

Сабақ жоспары оқу мақсатына сәйкес тиімді жоспарланған. Сабақ барысында қолданылған «Сандар сыры», «Сен маған, мен саған», «Баскетбол», «Киндер» атты белсенді әдістер мен тәсілдер оқу процесінің тиімділігін арттырғаны байқалды. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы сабақ барысындағы белсенділігімен көрініс тапты. Оқушылар бірін-бірі «Мадақтау» әдістерімен бағалап, мұғалім тарапынан дер кезінде кері байланыс беріліп отырды.

Мұғалімге әріптестер тарапынан жетістіктері мен ұсыныстар айтылып, жұмысына шығармашылық табыстар тіледі.