Қош келдіңіздер!
Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!
Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!
Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған.
Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді.
Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол.
Өмірбаян
Акшалов Еркин Кенжебаевич - «Әбу Құдабаев атындағы №197 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

Электронды почтасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Қызылорда қаласы
Туылған күні, айы,жылы: 05 қараша 1975 жыл
Оқу орындары
2001-2003 жыл Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәні мұғалімі.
2012ж . Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеті. Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы, экономика және бизнес бакалавры.
2022ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.
Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Еңбек өтілі: 24 жыл
Еңбек өтілі:
1999 - 2004 жж. №1 Қ.Мұхамеджан атындағы гимназияда алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі;
2004 - 2007жж № 101 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөндегі орынбасары;
2007 - 2012 жж №218 орта мектеп директоры;
2012 жыл сәуір айы мен 2012 жылдың қыркүйек айы аралығында №9 мектеп-гимназия директоры;
2012-2013 жж Ақжарма ауылдық округінің әкімі;
2014-2015 жж Облыстық білім басқармасында бөлім басшысы;
2015-2023 жж №8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп-интернатының директоры.
2023 жылдың қаңтар айынын бастап Әбу Құдабаев атындағы №197 қазақ орта мектебінің директоры.
Марапаттары
1.«Ақпаратшыл басшы - 2008» қала әкімінің алғыс хаты
2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамотасы, 2008 жыл
3. Облыс әкімінің алғыс хаты, 2015 жыл,
4.Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хаты, 2016 жыл
5.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің алғыс хаты, 2017 жыл.
6.Облыстық білім басқармасы басшысының алғыс хаты, 2018 жыл.
7.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасы, 2018 жыл
8.«Нұр Отан» партиясы. « Алғыс хат» 2019ж
9.Қызылорда облыстық Білім басқармасы «Алғыс хат» 2019ж
10.Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» 2020ж
11.Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы .
«Құрмет грамотасы» Нұр-Сұлтан қаласы.2020ж
12.Қызылорда облыстық Білім басқармасы «Алғыс хат» 2021ж
13.Қызылорда облыстық Білім басқармасы «Құрмет грамотасы» 2022ж







Сұрақ қою