№197 мектеп ең алғаш 1995-1996 оқу жылы орталау мектеп болып ашылды. Мектептің алғашқы директоры болып Ибадуллаев Серікбай Кенжебекұлы тағайындалды. Ашылған кезде небәрі 540 оқушы болып, 42 мұғалім сабақ берген.
1997-1998 оқу жылында орта мектеп болып қалыптасты.
2000-2015 жылдар аралығында мектепті басқарған басшылар: Аманжолов Жанұзақ, Тоқмырзаев Ғалымжан, Шүренов Алтынсары, Раисов Серік, Баязитова Сәуле, Әділбеков Асқар, Дүйсенбаев Бақытжан, Молдабаева Гауһар.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап мектепті тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі Рахымшаева Сабила Байқоңырқызы басқарып келеді.
2017 жылдың Білім күнінде мектебімізге белгілі қоғам қайраткері Әбу Ержанұлы Құдабаевтың есімі берілді.
Қазіргі таңда мектебімізде 969 оқушы білім алуда. 110 мұғалім оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Жоғары білімді мұғалім-105, арнаулы орта білімді-5, Магистр дәрежесіндегі мұғалімдер-6. Педагог-зерттеуші-15, Педагог-сарапшы-20, Педагог-модератор-30, жоғары санатты-6, І санатты-6, ІІ санатты-7 мұғалім.
Материалдық-техникалық база
640 орындық мектепте балалар екі ауысымда білім алады. Кабинет саны-21, сынып комплектісі-36. Биология, химия, физика, робототехника, STEM кабинеттері заман талабына сай жабдықталды. Компьютер -19, планшет - 23, ноутбук – 64
Ұстаздардың ерен еңбегінің арқасында оқушыларымыз топ жарып, қалалық, облыстық, республикалық ғылыми жоба байқауларынан, олимпиадалардан, түрлі байқаулардан жүлделі орындар иеленіп жүр. ҰБТ нәтижесі бойынша да қала мектептері ішінде алғашқы ондықтарда болып келеді.
2016-2017 оқу жылында бітірген түлектеріміз орташа балы 91,4 пайыз көрсеткішпен 4-орынға шығып мектебіміздің мерейін үстем етті.
2017 жыл - 91,4 пайыз
2018 жыл – 72,6 пайыз
2019 жыл –75,8 пайыз
2020 жыл –78,2 пайыз
2021 жылы мектеп бітірген түлектеріміздің орташа балы - 81,2 пайыз. Биылғы оқу жылында түлектеріміздің ішінде мемлекеттік білім грантына құжат тапсырған 18 оқушының 14-і республика көлеміндегі ЖОО-ның грант иегерлері атанса, 9-ы ЖОО-ның ақылы негізінде, қалған 13 оқушы колледждерде білім алуда.
2018-2019 оқу жылында Камит Назгүл, Серікбай Аружан, Кенжебек Аружан, 2019-2020 оқу жылында Оңғар Гүлназ «Алтын белгі» иегерлері атанды.
https://kyzl-sh197.edu.kz/kz/biz-turaly/mektep-tarikhy.html#sigFreeId28a2e0bcec






