Әбу Құдабаев атындағы №197 орта мектебінде 20-31 қаңтар аралығында математика, физика және информатика пәндер бірлестігінің "Әлемнің ғажайып үш тірегі" атты апталығының ашылу салтанаты өтті.

Апталықтың мақсаты: жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың математика, физика және информатика пәндерінен білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Ашылу барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы өтті.

Оқушылар математикалық және логикалық сұрақтарға жауап беріп, қызықты есептерді шығару арқылы түрлі сыйлықтарға ие болды.

Барлық қатысушыларға табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!