Ел Президентінің ерекше қолдауымен Сыр өңіріндегі мақсатты жобалардың қарқынды жүзеге асуының айқын көрінісі - “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясындағы жаңа заманауи озық технологиялармен жабдықталған Әбу Құдабаев атындағы № 197 орта мектебі пайдалануға берілді.
600 орындық білім ордасында оқушылар екі ауысым бойынша білім алады. Оқу ғимаратында соңғы үлгіде жабдықталған оқу кабинеттері, кәсіптік кабинеттер, 2 спорт зал, АКТ залы жұмыс жасайды.
Нысан құрылысын “Сәт-Сервис” ЖШС-гі жүргізді. Мұнда футбол, баскетбол, волейбол алаңдары мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бейімделген балалар алаңқайы орын тепкен. Одан бөлек аулада тынығуға арналған аймақтар да қарастырылған.
Білім саласына жасалып жатқан қолдауы үшін Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына алғысымыз шексіз!
Жайлы мектепте күллі әлемге қазақ атын шығаратын өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу басты - міндетіміз.
https://kyzl-sh197.edu.kz/kz/zhanaly-tar/97-yzylordada-600-oryndy-zhajly-mektep-ashyldy.html#sigFreeId2764a787cd






