Бүгін мектебімізде Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына арналған “Жырлайды жүрек” атты әдеби-сазды кеш болып өтті.

Мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Кеш барысында мектеп оқушылары ақынның әрбір өлеңін жүрекке жеткізе орындады.

Ән сал, жаным,

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жер көктегі, - деп ақын өзі жырлағандай, оның өлеңіне жазылған әндерді оқушылар мен ұстаздар әуелете шырқады.

Кешке қатысқан тыңдарман қауым, ақынның сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болды.