Бүгін оқушыларымыздың асыға күткен “Мектебім-мейірім мекені” мерекелік іс- шарасы болып, мектеп директоры Акшалов Еркін Кенжебайұлы ұстаздар мен оқушыларды,ата- аналарды құттықтап, игі тілегін білдірді.
Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер көздеген мұрат – мақсаттарына қол жеткізіп, армандары орындалсын. Келешектері кемел, болашақтары нұрлы болсын.
Білімді, дарынды оқушы атанып, отансүйгіштік рухтары мықты болуын тілейміз.
Жаңа оқу жылына толағай табыс, жетістіктерге толы болсын!