Құрметті ата-аналар!
Жаңа оқу жылының басталуына байланысты мектеп формасына қатысты талаптар нақтыланды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2016 жылғы №26 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, білім алушыларға арналған мектеп формасының бірыңғай түсі мен үлгісі бекітілді.
Мектебіміздің формасының түсі – жасыл.
Ұл балаларға арналған форма:
Бомбер, жилет, шалбар, ақ жейде;
Шалбардың кең пішімді, тобықты жауып тұруы шарт;
Классикалық үлгідегі аяқ киім.
Қыз балаларға арналған форма:
Бомбер, жилет, ақ жейде, тізеден төмен юбка;
Өкшесі 2–3 см-ден аспайтын классикалық туфли.
Спорттық форма:
Спорттық костюм (шалбар, футболка, куртка);
Кроссовка немесе кеды.
Мектеп формасын сақтау – оқушылардың ұқыптылығы мен тәртібін қалыптастырудың, сондай-ақ бірыңғай тәрбиелік орта қалыптастырудың маңызды көрсеткіші болып табылады.







