Бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Әбу Құдабаев атындағы № 197 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120012, С.Нұрмағанбетов, 1Б, электрондық Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. мекен, бос тұрған мектептің инженер – жүйетехнигі лауазымына орналасу үшін конкурс жарияланғандығы туралы хабарлайды.
- ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІ
Техникалық құрал – жабдықтар инженерлерге мынадай қызметтік міндеттік жүктеледі:
1.1 Компьютер арасында локальді жүйені орнату;
1.2 Техникалық техникалық және интерактивтік құрал жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу (жұмсалатын қаржы мектеп балансынан)
1.3 Баспақұралдарына (принтер, ксерокс) тонер құю
1.4 Интернет жүйесімен жұмыс жасауды қадағалау, ұйымдастыру;
1.5 Мектеп WEB- сайтын жаңартып отыру;
- ЖАУАПКЕРШІЛІК
Техникалық құрал - жабдыктар мына жұмыстарға жауапты
2.1 Локальды желінің жұмысына;
2.2 Компьютерлік техникалық және интерактивтік құрал - жабдықтарды жөндеуге;
2.3 Осы нұсқаулықта көзделген лауазымдық міндеттерді орындамаған немесе уақытында орындамаған жағдайларда жауапты болады.
- еңбек ақы көлемі 165 мың теңгеден бастап;
- жұмыс уақыты 09.00-дан 19.00- ге дейін.
- Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
- кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (қаржы-экономикалық білімі) бар немесе кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
- Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2025 жылғы тамыз айының 26 күнгі сағат 18.00-ге дейін.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы (жұмысқа жарамдылығы) туралы анықтаманы;
7) наркологиялық, психикалық және туберкулез науқасымен диспансерлік есепте жоқығы туралы анықтама;
8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы;
9) болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
- Әңгімелесу Қызылорда қаласы, С.Нұрмағанбетов көшесі 1Б үйде өткізіледі.






