«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Әбу Құдабаев атындағы № 197 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120012, С.Нұрмағанбетов, 1Б, электрондық Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. мекен, бос тұрған материалдық есепшінің лауазымына орналасу үшін конкурс жарияланғандығы туралы хабарлайды.

         1.Материалдық  есепшінің негізгі функционалдық міндеті:
         1.Мектептің рационалдық-есептік ұйымдастыру және тиімді механизацияның есептік-есептеуші жұмысы, озық әдіс-тәсілдермен бухгалтерлік есеп және тексерісті қамтамасыз етеді;

        2.Мемлекеттік қаржы тәртібіне сәйкес іс-шараларды жүзеге асыру сақталады;

        3.Алғашқы құжаттаманың тексерісін лайықты телімдерге сай бухгалтерлік есеп жасайды және оларды есепшоттың өңдеуіне әзірлейді;

        4.Келіп түскен қаражатты, материалдық-тауарлық құндылықтарды және басты қаражат, өз уақытында есептік операцияларды, қозғалысқа байланысты есептерді, ұсталынған өндірістік және кіріс-шығыс сметаларын, өнімнің қалыптасуы, жұмыс қызметін, шаруашылық-қаржылық әрекетті, сондай-ақ қаржылық, есептік, шығыстық және несиелік операцияларды жүзеге асырады;

        5.Құжаттың уақытылы және заңды түрде рәсімделуін, дұрыстығын бақылайды;

        6.Қызметақы, педагогикалық жұмыскерлердің тарификациясын экономикалық құндылығының өнімін, жұмыстың (қызмет атқарулардың) өзіндік еңбекақысын тиянақты есептік калькуляцияларын құрайды;

        7.Мемлекеттік бюджетке есептеу және аударым жасайды, мемлекеттік сақтандыру салымдарына, қаржылық-капиталдық салым, мектептің еңбекақысы, салық және басқа да төлемдерін және қарыз-қаражаттарының, сондай-ақ экономикалық қалыптастыру қорына қаржы бөлінуін ұйымдастырады;

        8.Экономикалық талдау жүргізу шаруашылық-қаржылыққа, есептік шоттарға және ішкі шаруашылық мақсаттардың анықталуы, шығынның жойылуының және өндірілмеген шығындарды іске асырады;

        9.Қаржылық және заңсыз шығынның және материалдық-тауарлық құндылықтардың қаржылық бұзушылық, шаруашылық заңсыздықтардың алдын алады;

       10.Материалдық-тауарлық құндылықтардың, есептік-төлемдік міндеттер, ақшалы ақы-пұлдарды өткізуге қатысады;

       11.Жеткіліксіз және ақшаны жымқырғанда, материалдық-тауарлық құндылықтардың құжаттарын рәсімдеу жүзеге асырылып, осы құжаттарды тергеу және сот органдарға қажетті құжаттарды тапсырады;

       12.Қатал штаттық-қаржылық және кассалық тәртіпті, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығындарды, есептік заңды түрде жою, дебиторлық қарыз басқа да шығындарды, бухгалтерлік-есептік құжаттардың сақталуын, сондай-ақ белгіленген тәртіпте мұрағатқа өткізу;

        13.Өз уақытысында қажетті бухгалтерлік есепті жасап, уақытылы мерзімде тиісті органдарға ұсынады;

        14.Есептік құжаттама құзырлығының тиімді әдістерін әзірлейді және есептік жұмысты механизациясын іске асырады;

        15.Мектептің жұмыскерлеріне есептік-әдістемелік көмек бақылау экономикалық талдау жасауға көмек көрсетеді;

        16.Бухгалтерия бөлімдерінде ақшалы ақылы-пұлдың және қатал есептің және өртке қарсы санитарлық жөн-жосық құжатының сақталуын қарайды және есептеушінің қауіпсіз қанаушылық және өзге қолдан қауіпсіздігін сақтайды;

       17.Бас есепшінің еңбекке жарамсыз кезінде оның міндеттерін орындайды;

       18.Мектептің тәртібіне сәйкес қоғамдық орындарда лайықты қоғамдық жағдайда өзін ұстауын сақтайды

          - еңбек ақы көлемі 170000-200000 теңгеден бастап;

-  жұмыс уақыты 09.00-дан 19.00- ге дейін.

  1. Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:  

- кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (қаржы-экономикалық білімі) бар немесе кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.  

  1. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2025 жылғы мамыр  айының 2 сі күнгі сағат 18.00-ге дейін.
  2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:      

      1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;   
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;     

      3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);     

      4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;     

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;  

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы (жұмысқа жарамдылығы) туралы анықтаманы;

       7)  наркологиялық, психикалық және туберкулез науқасымен диспансерлік есепте жоқығы туралы анықтама;

       8)сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы;     

      9) болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.       

  1. Әңгімелесу Қызылорда қаласы, С.Нұрмағанбетов көшесі 1Б үйде өткізіледі.