«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Әбу Құдабаев атындағы № 197 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120012, С. Нұрмағанбетов, 1Б, электрондық Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. мекен, бос тұрған бас есепшінің лауазымына орналасу үшін конкурс жарияланғандығы туралы хабарлайды.
1. Бас есепшінің негізгі функционалдық міндеті:
1. білім беру мекемесінің рационалдық - есептік ұйымдастыру және тиімді механизацияның есептік - есептеуші жұмысы, озық әдіс - тәсілдермен бухгалтерлік есеп және тексерісті қамтамасыз етеді;
2. мемлекеттік қаржы тәртібіне сәйкес іс - шараларды жүзеге асыру сақталады;
3. алғашқы құжаттаманың тексерісін лайықты телімдерге сай бухгалтерлік есеп жасайды және оларды есепшоттың өңдеуіне әзірлейді;
4. келіп түскен қаражатты, материалдық - тауарлық құндылықтарды және басты қаражат, өз уақытында есептік операцияларды, қозғалысқа байланысты есептерді, ұсталынған өндірістік және кіріс - шығыс сметаларын, өнімнің қалыптасуы, жұмыс қызметін, шаруашылық - қаржылық әрекетті, сондай - ақ қаржылық, есептік, шығыстық және несиелік операцияларды жүзеге асырады;
5. құжаттың уақтылы және заңды түрде рәсімделуін, дұрыстығын бақылайды;
6. экономикалық талдау жүргізу шаруашылық - қаржылыққа, есептік шоттарға және ішкі шаруашылық мақсаттардың анықталуы,шығынның жойылуының және өндірілмеген шығындарды іске асырады.
7. қаржылық және заңсыз шығынның және материалдық - тауарлық құндылықтардың, қаржылық бұзушылық, шаруашылық заңдылықтарды алдын алады.
8. материалдық - тауарлық құндылықтарлардың, есептік - төлемдік міндеттер, ақшалы ақы - пұлдарды өткізуге қатысады
9. жеткіліксіз және ақшаны жымқырғанда, материалдық - тауарлық құндылықтардың құжаттарын рәсімдеу жүзеге асырылып, осы құжаттарды тергеу және сот органдарға қажетті құжаттарды тапсырады.
10. қатал штаттық - қаржылық және касалық тәртіпті, әкімшілік - шаруашылық және басқа да шығындарды, есептік заңды түрде жою, дебиторлық қарыз басқа да шығындарды,бухгалтерлік - есептік құжаттардың сақталуын, сондай - ақ белгіленген тәртіпте мұрағатқа өткізу;
11. өз уақытысында қажетті бухгалтерлік есепті жасап, уақтылы мерзімде тиісті органдарға ұсынады;
12. есептік құжаттама құзырлығының тиімді әдістерін әзірлейді және есептік жұмыстың механизациясын іске асырады;
13. білім беру мекемесінің жұмыскерлеріне есептік - әдістемелік көмек, бақылауэкономикалық талдау жасауға көмек көрсетеді;
14. бухгалтерия бөлімедерінде ақшалы ақы - пұлдың және қатал есептің және өртке қарсы санитарлық жөн - жосық құжатының сақталуын қарайды және есептеушінің қауіпсіз қанаушылық және өзге қолдан қауіпсіздігін сақтайды;
15. Мектеп есепшісінің еңбекке жарамсыз кезінде оның міндеттерін орындайды;
16. білім беру ұйымының тәртібіне сәйкес қоғамдық орындарда лайықты қоғамдық жағдайда өз - өзін ұстауын сақтайды;
- еңбек ақы көлемі 200 000 - 220000 теңгеден бастап;
- жұмыс уақыты 09. 00 - дан 19. 00 - ге дейін.
2. Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
- кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (қаржы - экономикалық білімі) бар немесе кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
3. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2025 жылғы сәуір айының 07 күнгі сағат 18. 00 - ге дейін.
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма - қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ - 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы (жұмысқа жарамдылығы) туралы анықтаманы;
7) наркологиялық, психикалық және туберкулез науқасымен диспансерлік есепте жоқығы туралы анықтама;
8)сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы;
9) болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
5. Әңгімелесу Қызылорда қаласы, С. Нұрмағанбетов көшесі 1Б үйде өткізіледі.






